Бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: 08info.kz
3,649
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің ресми мәліметінше, бүгін елдің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететіндіктен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр жауса, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.

«Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жел, түнде және таңертең шығыста тұман болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары, Қызылорда облысының батысы мен Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.