Петропавлда бір ай бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынының мәйіті тасқын су басқан ықшамауданнан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні 34 жастағы петропавлдық азамат із-түзсіз жоғалып кеткен.
12 мамыр күні сүңгуірлер ер адамның мәйітін судан алып шықты. Марқұмның денесінде зорлық белгілері болмаған. Қазір ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.