Қазір алаяқтықтың түрі еселеп дамып кетті. Тіпті ғаламторда отырып-ақ, банк картасынан ақшаңызды суыратын алаяқтар көбейді. Алаяқтардың кез келген нөмірлерді жасай алатынын естен шығармауымыз керек. Сол себепті SMS-хабарлама арқылы жіберілетін нөмірлерге қоңырау соқпай әрі сондағы сілтемеге өтпей, ресми дерекке сенуіміз қажет,-дейді Aikyn.kz.
Алаяқтарға алданып қалмау үшін қауіпсіздіктің мынадай қарапайым ережелерін есте сақтау қажет:
- Төлемдер туралы ақпаратты әрқашан банктердің, мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан тексеріп отырыңыз;
- Өзіңіздің жеке және банктік деректеріңізді, әсіресе картаның оның жарамдылық мерзімін және арғы бетіндегі үш таңбалы санды күмәнді сайттарда жарияламаңыз;
- Ақша туралы әңгіме қозғайтын бөтен адамдардың қоңыраулары мен хабарларына сенбеңіз;
- Төлем картасындағы 3D-Secure функциясын өшірмеңіз.
- Барлық транзакцияларды көріп отыру үшін мобильді қосымшадағы SMS және push-хабарламаларды қосып қойыңыз;
- Электрондық поштаға және мессенджерлерге жіберілген белгісіз файлдарды ашпаңыз;
- Алаяқтардың сайттарына өтуге мүмкіндік бермейтін вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны орнату қажет;
- Ақшалай қаражатыңызды ұрлаған жағдайда, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгініңіз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.