Қазір елімізде қаржы пирамидалары өте көп. Бірақ оның негізгі белгілерін көп жағдайда білмей жатамыз.
Қаржы пирамидасының белгілері: сарапшы пікірі
www.istockphoto.com
1,660
оқылды

Жалпы қаржы пирамидасының белгілері өте көп. Бірақ оның бәріне ортақ нақты белгілері бар. Бұл туралы қаржы сарапшысы Аягөз Ханетова Aikyn.kz-ке берген пікірінде түсіндірді. Ол қандай белгілер?

Қаржы пирамидаларының басты белгілері:

– Көрсетілген қызметін жүзеге асыруға ресми лицензиясының болмауы; 

– Тым жоғары табыс табуды ұсынуы;

– Ұйым жөнінде қаржылық ақпаратты жасыруы;

– Агрессивті түрде ұйымды жарнамалау, әсіресе чаттар арқылы;

– Адамдарға пайданы жаңадан кіргізген мүшелердің салған салымынан беруді жоспарласа (яғни, өз капиталы жоқ, тек келесі кірген адамның ақшасынан бір бөлігін басқа адамға бөліп беру);

– Шынайы қауіп-қатердің қаншалықты жоғары екенін түсіндіріп бермеуі.

Сонымен қатар маман қаржы пирамидаларының экономика үшін де тиімсіз екенін айтып, қоғамда қаржылық сауатты арттыруымыз қажет екенін айтты.

Заманауи үлгідегі ең алғаш қаржы пирамидасын 1919 жылы италиялық Чарльз Понци құрған, кейіннен пирамидалар жүйесін Понци жүйесі деп атайтын болған. Пирамидалардан қарапайым халық қана емес, экономика да зардап шегеді. Себебі халықтың ақшасын қалтасына басқандар көбіне шетелге қашып кетеді, яғни сыртқа капитал ағыны болады. Сондықтан пирамидаларға қатысты заң қатаңдатылуы керек, бұл – мемлекет тарапынан жасалатын қадам. Ал қарапайым адамдар қаржы сауаттылығын арттыру керек, ең болмағанда қаржылай сауатты адамның кеңесін алуы керек, – деп түсіндірді қаржы сарапшысы А. Ханетова.

Сараптамазерттеу мақалакүнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.