Белгілі қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қыздарға арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мен бұл елдегі ер адамдар не болып бара жатқанын білмеймін. Қорған болудың орнына жануарлар сияқты әрекет етесіздер. Қыздар, өздеріңізбен бірге бұрыш спрейін алып жүріңіздер. Оны қалай және қандай жағдайда қолдануға болатынын оқып алыңыздар. Ондай сәтте өзіңізді қорғауға тура келеді, сондықтан дайын болыңыз. Тағы бір нәрсені айту керек: ешқашан сусын ішпеңіз, тіпті таныс ерлермен де! Біз зұлым ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз!» — деп жазды спортшы Instagram желісіндегі stories бөлімінде жағымсыз жаңалыққа реакция білдіре отырып.