«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бей­біт Жүсіпов жұмыс сапарымен Астрахан ауданында болып, су тас­қы­ны­нан зардап шеккен тұрғындарды қабылдады.
Бәріне бірдей қолдау көрсетіледі
1,071
оқылды

Берген Беспалинов, Астрахан ау­данының әкімі Талғат Ерсейітовтің қа­тысуымен азаматтарды бірлесіп қа­былдады. Шара «Құқықтық көмек» пар­тиялық жобасы аясында ұйымдас­тырылды. 

Жобаның басты мақсаты – су тас­қы­нынан зардап шеккен өңір тұрғын­дарына заңгерлік және өзге де қажетті кеңес беру. Сондықтан қабылдауға но­тариус, адвокаттар, жеке сот орын­даушысы, ауданның әділет органдары­ның, жылжымайтын мүлік орталы­ғы­ның және басқа да қызметтерінің ма­мандары шақырылды.

Аудан орталығы Астраханка ауы­лында қабылдауда 15-ке жуық адам болды. Ал Старый Колутон ауылына қайық­­пен баруға тура келді. Себебі бұл ауыл­да кеңес алуға мұқтаж адам­дар саны басым болды. Еңбек ауы­лын­да да зардап шеккендер бар, онда су бас­қан тоғыз үйдің алтауы тұруға жа­рам­­­сыз деп танылған. Тұрғындарға мем­­лекет тарапынан қолдау көрсе­тілу­де. 

Аудан әкімі Т.Ерсейітов зардап шек­­кендерге жаңа үйлер салу, дайын тұрғын үйлерді сатып алу сынды кезек күт­тірмейтін мәселелерді шешудің әр­түр­лі нұсқалары ұсынылатынын айтты.

– Әрине, екінші нұсқа жақсырақ, өйт­кені жаңа үйлер салу үшін көп қара­жат пен уақыт қажет. Бірақ соңғы оқи­ғаларға байланысты ауданда жыл­жымайтын мүлік бағасының былтыр­мен салыстырғанда бір жарым-екі есе өсіп кетуі  байқалады. Әлбетте, үйлер­ді сатып алу кезінде мүлікті тәуелсіз ба­ғалау жүргізіледі, барлық мәселелер ко­миссиялық түрде шешілетін бола­ды. Мемлекеттен көмек барлығына, тіпті үйлерін су шаймаған адамдарға да қажетінше көрсетіледі. Ал зардап шек­кендердің құқықтарын белгі­лей­тін құжаттарын негізінде қалпына кел­тіру жұмыстар да жүргізілетін бо­ла­ды, – деп атап өтті Б.Жүсіпов.

Жалпы, мәслихат төрағасының ай­туынша, аудандағы ахуал тұрақты, ха­лық жағдайға түсіністікпен қарап, барлық мәселе рет-ретімен шешілуде. Зар­дап шеккендердің басым бөлігі 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, қалған өтінімдер де өзінің қарау сатысында. Сонымен қатар зардап шек­кендердің барлығы ауданға келіп түс­кен гуманитарлық көмекпен қам­тамасыз етілген. Білікті заң көмегін алғаннан кейін ауыл тұрғындары жер­гілікті атқарушы және өкілді ор­ган­дарға қолдау көрсеткендері үшін ал­ғыстарын айтып, қиындыққа тап бол­ған кезде қамқорлықсыз қалмай­ты­нына сенім білдірді.

Бердібек ҚАБАЙ