Тәлімгерлікке кандидаттарды іріктеу процесін қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір кандидат әңгімелесу арқылы өтеді, сондай-ақ тұрғын үй – тұрмыстық жағдайлары да ескеріледі. Іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, тиісті қорытынды алғаннан кейін ғана кандидат тәлімгер бола алады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар азаматтығы, кәмелетке толуы, соттылығының жоқтығы, әрекетке қабілеттілігі, тұрғылықты жерінің болуы және тағы басқа қамтиды. Тәлімгердің балаға қосымша білім беру мен медициналық қызметтерді қоса алғанда, түрлі салада қолдау көрсетуге құқығы бар.