«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Партиялық бақылау ко­мис­сиясының мүшелері Тараз қаласындағы Төле би даңғылы бойындағы ауыс­тырылып жатқан жылу желілерінің барысымен танысты.
Жылу магистраліндегі жұмыстармен танысты
940
оқылды

Айта кетейік, қаладағы Сыпатай ба­тыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойын­дағы М-1 жылу магистраліне қай­та жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер компания «Сарыағаш – Аман» ЖШС бұл жұмысты биылғы жылдың сәуір айында бастаған болатын. Жылу ма­гистралінің жалпы ұзындығы 6,5 ша­қырымды құрайды. Серіктестік ол жұ­мысты қазан айында толығымен аяқ­та­мақ. 

Комиссия мүшелері барған Төле би даң­ғылының Қолбасшы Қойгелді кө­ше­сі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы негізгі жұмыстар аяқталған. Алайда осы аралықта бірнеше әлеуметтік нысандар орна­ласқандықтан көлік қатынасына қо­лайсыздықтар туындатып жатқаны бел­гілі. Дегенмен серіктестік өкілдері он­дағы жұмыстарды маусым айына дейін толық аяқтап, жолды ашатындық­тарын жеткізді. 

Комиссия мүшелері мердігер ком­па­ния өкілдеріне құрылысты сапалы жүр­гі­зіп, берілген жұмысты уақытылы аяқ­тау туралы ұсыныстарын білдірді. Сон­дай-ақ жылу желілерін ауыстырған соң жол­ды қайта қалпына келтіруге баса на­зар аудару қажеттігіне назар аударды. Атал­ған құрылыс нысандары толық аяқ­талғанға дейін партияның бақылауында бо­лады.