Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызылордада 2 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
6,224
оқылды

Қызылорда қаласында 2 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

«Аталған шара барысында Қызылорда қаласының халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол екі жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.