Жайық өзенінің Теректі ауданы тұсынан 7 адам құтқарылды. Өзен бойымен жүзуді жоспарлаған адамдардан эвакуациялау туралы хабар түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы мен 12-ші өрт сөндіру бөлімшесінің күш құралдары барған. Құтқарушылар дронның көмегімен Сәуір жары туристік аймағынан 7 адамды тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Олар балықшы болып шықты. Қайықтарын ағын алып кетіп, жағалауға өз беттерімен жете алмай қалған.
Жалпы облыс бойынша, төтенше жағдай режимі сақталып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.