Мәжілістің бүгінгі отырысында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Баяндамашы Екатерина Смышляеваның айтуынша, негізгі заңда «орташа жылдамдықты» енгізу мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдықты шектеуді бақылаудың жаңа тәртібі көзделген. Ол аттестатталған бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары орнатылған жолдардың түзу учаскелерінде және қала сыртындағы айналма жолдар жоқ жерлерде автоматты түрде есептелетін болады. Бүгінде республика бойынша 94 қондырғы орнатылған. Түзетулерге сәйкес мұндай жолдарда жүргізушілер жылдамдықты азайтуға міндеттеліп, сол арқылы апаттар саны кемиді деп күтілуде.
Бұл ретте «орташа жылдамдықты» асырғаны үшін жауапкершіліктің жаңа түрі енгізілмейді. Қолданыстағы ӘҚБтК-нің 592-бабында белгіленген жылдамдықты 10-нан 20 км/сағ асырғаны үшін 10 АЕК айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.
Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 км/сағ және одан да асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
Ұлттық стандартқа сәйкес орташа жылдамдық көлік құралы жүріп өткен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт кезеңіне бөлу арқылы анықталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.