Елордадағы «Жастар» театрында SENSITIVЕ өнер ұжымы Александр Гриннің әйгілі «Алые паруса» повесінің желісі бойынша әзірленген «Рассекая волны» атты пластикалық перформансты көп­шіліктің назарына ұсынды.
Өнерде шекара жоқ
891
оқылды

Есту қабі­леттері төмен өнерпаздар сахналаған қойылым көрермендерді ертегілер әлеміне жетелеп, өмірдің фило­софиялық мәніне терең үңілуді және адамдар ара­сындағы қарым-қатынасқа жаңаша көз­қараспен қарауды үндейді.

Спектакльге Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев бастаған бір топ сенатор арнайы барды. Палата Спикері театр әртістерінің шеберлігін жоғары баға­лап, мүмкіндігі шектеулі азамат­тарды ортаға бейімдеуде және оларды оңалтуда өнердің ат­қаратын рөлі зор екенін айтты. Сондай-ақ ол елімізде аталған санаттағы адам­дарды қолдауға ең жоғары деңгейде баса мән беріліп, бұл бағытта кешенді және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат Спикері өздерінің қа­жыр-қайратымен барша көрерменді жігер­лендіріп жүрген SENSITIVЕ би ансамблінің ұжымына және жобаның көркемдік жетекшісі, талантты жас­тардың дарынын шыңдап, оларды жаңа же­тістіктерге жетелеп келе жатқан Ольга Ростов­щиковаға алғыс білдірді.

Айта кетейік, SENSITIVЕ театры осыдан 18 жыл бұрын Петропавл қаласындағы есту қа­білеті төмен балаларға арналған мектеп-ин­тернаттың базасында құрылған. Қазір елімізбен бірге бір­қатар шет мемлекетте де аты мәлім бұл өнер ұжы­мы көптеген халықаралық байқау мен фестиваль­дың лауреаты.