Алматы қаласы Жастар сая­саты басқармасының қол­дауымен қала жастары ара­сында Jas Gala жастар фес­ти­валі өтті. Фестиваль жеңім­паз­дарын марапаттау рәсімі «Алатау» театрында ұйымдас­тырылды.
Jas Gala фестивалінің жеңімпаздары анықталды
фото: кazinform
289
оқылды

Бір айға созылған фестивальда қатысушылар вокал, хорео­графия, мобилография, аспаптық орындау, театр бағыттары бойын­ша бақ сынаған. Жалпы жобаға 2,5 мың­нан астам студент қа­тысты.

– Jas Gala фестивалі Алматы қаласында үшінші рет ұйым­дас­тырылып отыр. Оған қаладағы барлық Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты. Нақты айтқанда, 30 ЖОО және 23 колледжден 529 өтінім келіп түсті. Фестивальдың жүл­де қоры 7 500 000 теңгені құ­ра­ды. Фестивальға қатысу үшін алдымен университет және кол­ледж ішінде іріктеу болды. Оның жеңімпаздары қалалық жарысқа қатысты, – деді Алматы студент­тер альянсының басшысы Жасұ­лан Қуандық.