Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шымкентте мектеп басшылығы бухгалтермен бірігіп 48 миллион теңге жымқырған
4,807
оқылды

Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды. Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.