Әлеуметтік маңызды тауарларға қосылатын үстеме баға өндipyшiнiң немесе жeткiзyшiнiң көтepмe құнынан 15 пайызға аспауы керек.
Қарағанды облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Фото: baq.kz
696
оқылды

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті шекті үстемесінен жоғары бағаға сатқан 50-ден астам заңды тұлға анықталып, 31 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Бүгінде елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізімінде ұн, қант, тұз, картоп, жұмыртқа, ірімшік сияқты 19 түрлі тауар бар. Әлеуметтің осал топтары үшін маңызды осы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, бір қалыпта ұстауға байланысты шаралар барысында заңбұзушылықтар анықталып жатыр.

– Әлеуметтік маңызды тауарларға қосылатын үстеме баға өндipyшiнiң немесе жeткiзyшiнiң көтepмe құнынан 15 пайызға аспауы керек. Алайда осы 15%-дық үстемені сақтамайтын фактілер үнемі анықталады. Жыл басынан бері 30-дан астам жауапсыз сауда субъектілері жауапкершілікке тартылды, –  дейді Облыстық экономикалық тергеу-тексеру департаментінің бөлім басшысы Владислав Ли.

Ішкі сауда заңдылығы сақталмаған жағдайда сауда субъектісіне алдымен ескерту жасалып, жағдай қайталанатын болса, кәсіпкерге айыппұл салынады.

– Азық-түлік қауіпсіздігі, оның ішінде әлеуметтік тауарлар саласы экономикалық және жалпыұлттық қауіпсіздік мәселелеріне жатады. Сондықтан  біз әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын тұрақты негізде талдап, басқа құзырлы органдармен бірлесе алдын ала шаралар қолданамыз. Бұл бағытта нәтижелер бар. Дегенмен де  аталған заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін әкімшілік заңды күшейтетін кез келді. Себебі Әкімшілік кодекске сәйкес, бірінші рет жасалған құқықбұзушылық үшін саудагер айыппұлдың орнынан ескерту деген жазалаумен шектеледі, –  дейді экономикалық тергеп-тексеру қызметінің полковнигі Қонысбек Ахметов.