"Қазгидромет" 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синопиктердің мәліметінше, бүгін оңтүстік циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар ел аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды. Соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Әсіресе оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.
Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.