Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.
Астанада тағы бір көше уақытша жабылады
Фото: gov.kz
1,368
оқылды

Астанадағы Жарсуат тұйық көшесінің Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен М. Жалил көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, көлік қозғалысы 16-26 мамыр аралығында толығымен жабылады.

– Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.