Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
617
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің сапалы жүзеге асыруы маңызды екені атап өтілді.  

Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.