Атырау облысы Сарайшық ауылында зиратты қорғап қалуға 800 метр жанама бөгет соғылды.
Сарайшықта зиратты қорғап қалу үшін 800 метр жанама бөгет салынды
azattyq-ruhy.kz
630
оқылды

Бұл туралы Аikyn.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Тасқын суының ағыны қатты болуы салдарынан «Атырау-Индер» тасжолының Сарайшықтан кейінгі 44 шақырымдағы жол жырылды. Осыған байланысты Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен жасалған бұл әдіс тасқын судың бағытын сай-салаға бұру мақсатында жасалды.

Қазір Сарайшық ауылы өр суының қоршауында қалып отыр. Жолды жыру, Құрсай каналын жыру арқылы суды сай-салаға ағызу жұмыстары жасалып жатқанымен, су қарқыны күшейіп тұр. Ауылдан екі шақырым қашықтықта орналасқан зираттарды тасқыннан сақтап қалу үшін жедел түрде жанама 800 метр болатын бөгет соғылды. Қазір зираттың басында 12 ауыр техника бөгетті судың жарып кетпеуін қамтамасыз етуде. Тасқынмен күрес тәулік бойы үзіліссіз жүріп жатыр, – деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Сарайшық ауылында тасқынмен күреске арнайы техникаларды қоса алғанда 95 сарбаз, 49 ТЖ мамандары, ауыл тұрғындары жұмылды.