Әнші Мадина Сәдуақасова желіде жасын сөз етіп, сынайтын оқырмандарына үн қатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі күні кеше әйгілі Николь Шерзингердің концертіне барып, 45 жастағы әлемдік жұлдызға тәнті болып қайтқан. Осыдан кейін жас мәселесін қозғамауға шақырды.
"Енді маған пікір жазбаңыздар. "Жасыңа қарасайшы", "Апа болдың", "Қоя ғой" дегенді қойыңыздар. Николь Шерзингер 1978 жылғы. Кеше от концерт болды! Николь Алматы аренаны шайқады! Іштегі от лаулап, жанып тұрса, жастың еш маңызы жоқ. 79-78-дер қайдасыңдар", – деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Шоу-бизнес жұлдызы Instagram-дағы парақшасында концерттен видео жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.