Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
1,351
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит", 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы;

1998-2006 жылдары Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры;

2014-2015 жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ-ның басқарушы директоры;

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -  Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Президент көмекшісі; 

2019 жылдың наурызынан бастап Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болып тағайындалып, 2024 жылғы ақпан айына дейін қызмет атқарды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.