Жер сілкінісінің негізгі ошағы Қытай аумағында орналасқан.
Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды
Коллаж: Aikyn.kz
1,766
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 20 мамыр сағат 10:10 кезінде жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жер сілкінісінің негізгі ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде, Қытай аумағында жатыр.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.9.

MPV Магнитудасы — 5.7.

Жер сілкінісінің бағыты — 40,43° с. б. 77,03° ш. б.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Қазақстан аумағында Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.