Қарағандыдағы «Достық» үйінде талантты жастардың басын қосып, бүгінгі әдебиеттің бағытын талқылау мақсатында қолға алынған «Қарағанды көктемі» поэзия фестивалі өтті.
Шығармашыл жастардың басын қосты
836
оқылды

Облыс әкімдігі мен Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен екінші мәрте өткізіліп отырған фес­тиваль биыл екі күнге со­зыл­ды. Шараның ашылу салтана­тында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Мемлекеттік кеңес­ші Ерлан Қариннің құттық­тауын жеткізді.

Екі күн бойы фестиваль қа­тысушылары кеншілер астанасы­ның мәдени өмірімен танысты, шығармашылық индустриядағы жазушылардың рөлі және зият­керлік еңбекті қалай тиімді сату сияқты маңызды тақырыптарды талқылады. Сондай-ақ фестиваль аясында қатысушылар Қарағанды тау-кен индустриалды кол­леджі­нің мұражай-шахтасына түсті.

– Фестиваль алғаш рет был­тыр ұйымдастырылды. Содан кейін оған Әзербайжан, Түркия­дан танымал ақындар қатысты. Бұл – ақындар мен жазушылар, талантты жастар үшін тамаша алаң, онда біз заманауи поэзия мен әдебиеттің жаңа бағыттарын талқылай аламыз, жас автор­лар­дың әлеуметтік мәселелерін кө­тере аламыз. Іс-шараны жастар шығармашылығын қолдау және оған жаңа серпін беру деп санай­мыз, – дейді Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Жанат Жанқашұлы.

Фестивальда Ұлықбек Есдәу­лет, Серік Ақсұңқарұлы, Сұраған Рахмет, Қасымхан Бегман, Свет­қали Нұржан, Гүлнәр Салықбай, Маралтай Райымбек, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әсербек және басқа да елге танымал ақындар бас қосты. 

– Қарағандының ақындарына алғысым шексіз. Екінші жыл қата­ры­нан қаламгерлердің басын қосып отыр. Осындағы филиал­дың директоры, ақын Жанат Жаңқашұлының еңбегін ерекше атап өткім келеді. Фестивальда бү­гінгі қазақ поэзиясының бір­шама мәселесі көтеріледі. Мұндай шара ақындарға ауадай қажет. Одақ төрағасы Мереке Құлкенов­тың ыстық сәлемін қабыл алыңыз­дар, – деді Жазушылар ода­ғы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы