Оның ішінде ағартушының 2021 жылы табылып, қалпына келтірілген домбырасы, 1912 жылы жарық көрген «Әліб-бій» оқу құралы және 1998 жылы ғалымның 125 жылдығында берілген белгілі пианист Жанар Сүлейманованың концерттік афишасы бар.
Тағылым мектебінде өткен іс-шараға Алматының нөсерлеткен ақ жауынына қарамастан, 700-ден аса адам келіп, түнгі музейді тамашалады. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының Орынбордағы өмір кезеңінен көрініс қойылды. Атап айтсақ, Ахмет пен Бадрисафаның балалары Аумат пен Шолпанға дөңгелек үстел басында кітап оқуға баулып отырғаны қамтылды.
Бұл көрініс келушілердің көңіл кілтіне қозғау салып, Ахмет пен Бадрисафаға сауал жолдап, ұл-қызының ағартушы өлеңдерін жатқа оқығанының куәсі болды. Тарихи көріністі жадына сақтағысы келген жұртшылық кезең кейіпкерлерімен естелікке суретке түсті.
Іс-шара қонағы Ахмет Байтұрсынұлының немере інісі Амандық Шайменденұлы көңілі толқып, жастарға ақ батасын берді.
Нұрайлым СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ,
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің қызметкері