Алматы облысының жаңартылатын энергия көздеріне қатысты әлеуеті аса зор. Асау өзендер өрнектеп, екпінді желдер өтетін дәліздері көп өлкеде бүгінгі күннің өзінде жасыл энергия ел игілігіне табысты қызмет етуде.
Жасыл энергияның көшбасшысына айналады
495
оқылды

Осы бағыттағы нақты жұмыстар нәтижесінде, облыс жаңартылатын энергия көздерін игілікке асыруды кеңінен қолданысқа енгізіп, біртіндеп болса да энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе бастады.

Қазір облыста жаңартылатын энер­гия көзі болып саналатын 22 нысан бар. Олардың жетеуі су электр стансасы бол­­­са, то­ғы­­зы желден қуат өндіреді және ал­тауы – күн электр стансасы. Бұ­­лар жалпы алғанда 325,1 МВт электр қуа­тын өндіріп, аймақ­тағы электр энер­гиясына қажет­тіліктің жарты­сынан астамын жауып отыр.

Жасыл энергияның осылайша жедел дамуы дәстүрлі қуат көздеріне тәуелділікті азайтып қана қоймай, сонымен қатар об­лыс экономикасының өркендеуіне оң ық­пал етіп, экологиясын жақсартуға да сеп­тігін тигізуде. 

Сарапшылардардың айтуынша, пар­никтік газдар шығарындылары ай­тар­лықтай төмендеген. Сонымен бірге жаңа жұмыс орны көптеп ашылған. Ин­вес­тиция тарту арқылы экономикаға сер­пін бер­гені – өз алдына бір жетістік. 

Өңір басшылығы бұл бағыттағы жұ­мыстар алдағы жылдары да жалғасын та­бады деп отыр. Облыста 2026 жылға де­йін жалпы қуаты 1 381 МВт болатын тағы 18 жаңар­тылатын энергия өндіретін жо­баны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобаларға салына­­тын инвестициялар 937,75 млрд теңгеге жетіп, 803 адам тұ­рақ­­ты жұмысқа тұра алады. Берері мол жос­парларды жү­зеге асыру, ай­мақ­­тың энер­гетикалық тең­геріміндегі жаңар­­­­­­ты­латын энергияның үле­сін 90%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді және бұл Ал­маты облы­сын Қазақ­стандағы жасыл энер­­­гия­ның көшбас­шыларының біріне айналдырады.

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы