Әнші, актриса Айгүл Иманбаева Лондонда «Болашақ» бағдарламасымен бір жыл оқығаннан кейін елге оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актрисаны әуежайдан шәкірттері мен әріптестері тосынсыймен күтіп алды. Студенттері мен достары ет, бауырсақ әкеліп, қымызбен қарсы алған.
Айгүл Иманбаева шетте жүргенде сағынған сүйікті тағамдарынан дәм татты.
Студенттері төбелесіп, актрисаға пранк та жасады. Кейін әншіні көтеріп, алып қашқандай кейіп танытып, көлікке мінгізген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram