Aikyn.kz бір апта бұрын (14 мамыр) OpenAI-дің жаңа ChatGPT ЖИ платформасымен таныстырды. Қысқа уақыт ішінде авторлық құқықты сақтауға байланысты жаңа чат-ботқа қарсы шағымдар айтылуда. Соның бірін америкалық телеарна CNBC хабарлады. Себебін толығырақ Aikyn.kz түсіндіреді.
Йоханссонға Альтман қыркүйекте және 11 мамырда хабарласқан. Ол өзінің дауысын қолдануға келісім бермеген. Фото dzen.ru сайтынан алынды
Голливуд жұлдызы Скарлетт Йоханссон OpenAI оның дауысын Sky деп аталатын жаңа ChatGPT-4о рұқсатсыз қолданғанын мәлімдеді.
«Мен Альтман мырзаның маған ұқсайтын дауысты қолданғанына таңғалдым, ашуландым және сенбедім. Менің жақын достарым мен жаңалықтар агенттіктері дауысты (ЖИ-де қолданылған) менің дауысыммен шатастырған», – дейді Йоханссон мәлімдемесінде.
Йоханссонның айтуынша, бас директор Сэм Альтман оған өткен қыркүйек айында, содан кейін ChatGPT-4о өткен аптада іске қосылғанға дейін екі күн бұрын хабарласқан. Альтман болса айыптауларды жоққа шығарды: «Sky-дің дауысы Скарлетт Йоханссондікі емес және ешқашан оның дауысына ұқсаған емес», – дейді.
ChatGPT-4 оmni Breeze, Cove, Ember, Juniper және Sky дауыстарымен сөйлеседі. Ұнайтын дауысты қолданушы өзі таңдайды. Фото pikabu.ru сайтынан алынды
Кеше OpenAI жақында ғана қосылған чат-боттағы 5 дауыстың бірі Sky-ды өшіретінін жариялады. Чат-ботта қолданушылар әсерлі болуы үшін әртүрлі функциялар орындайтын Breeze, Cove, Ember, Juniper және Sky дауыстарымен ұсынылған еді.
Енді Скарлетт Йоханссонның шағымынан кейін компания бесінші Sky дауысын өшіруге шешім қабылдады.
Оның орнына қандай дауыс қойылатыны белгісіз. Актрисаға дауысын қолдануға ақы төленіп, Sky дауысы қайтадан қолданбаға енгізілуі де мүмкін.
Скарлетт Йоханссон осы Her фильміндегі дауысын жаңа чат-бот қолданған дейді. Фото Warner Bros. сайтынан алынды
Йоханссонның айтуынша, Альтман оған өткен қыркүйекте және ChatGPT-4o 13 мамырда жарияланғанға дейін екі күн бұрын хабарласқан.
«Көп ойланғаннан кейін және жеке себептермен мен ұсыныстан бас тарттым. Жақында менің достарым, отбасым және жалпы жұртшылық Sky деп аталатын ең жаңа жүйенің маған қаншалықты ұқсайтыны туралы айта бастады», – дейді Йоханссон CNBC-ге берген сұхбатында.
Ал Сэм Альтман болса: «Sky-дың дауысы Скарлетт Йоханссондікі емес және ол ешқашан оның дауысына ұқсамайтын болады. Йоханссон ханымға хабарласпас бұрын біз Sky-ды дауыстап беретін актер жалдадық, Йоханссон ханымға құрмет көрсету үшін біз өз өнімдерімізде Sky дауысын пайдалануды тоқтаттық. Біз Йоханссон ханыммен түсінікті қарым-қатынас орната алмағанымызға өкінеміз», – дейді Альтман.
Скарлетт Йоханссон осы фильмдегі дауысын чат-бот рұқсатсыз иммитациялады деп шағымдануда:
Дауысқа байланысты дау-дамай OpenAI-мен жақын серіктестік орнатқан Microsoft компаниясының өнімдеріне де әсер етті.
«Біз ChatGPT-де, әсіресе Sky-да дауыстар қалай таңдалғаны туралы мәселені естідік. Sky-дың дауысы Скарлетт Йоханссонның дауысының имитациясы емес. Бұл дауыс өзінің табиғи дауысын пайдаланған басқа кәсіби актрисаға тиесілі. Олардың жеке өмірін қорғау үшін біз дауыс берушілеріміздің атын аша алмаймыз», – деп жазды Microsoft X-тегі ресми аккаунтында.
Йоханссон болса Альтман мен OpenAI-ге екі хат жазғанын, олардан Sky-дың жасалу процесін егжей-тегжейлі сипаттауды сұрағанын айтты. «Біз бәріміз дип-фейктермен күресіп, өз ұқсастығымызды, өз жұмысымызды, өз болмысымызды қорғап жатқан уақытта, мен бұл мәселелер абсолютті түсінікті болуы тиіс деп санаймын. Мен жеке құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесетін ашықтық пен тиісті заңнама түріндегі шешімді күтемін», – делінген оның мәлімдемесінде.
Жеке бастың құқықтарының интернетте бұзылуы жиі кездеседі. Голливуд жұлдызы Скарлетт Йоханссон мен OpenAI арасындағы түсініспеушілік те авторлық құқықты қорғаудан туындаған проблема болып көрінеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.