Тоқаев 23-24 мамыр күндері Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур республикасына мемлекеттік сапармен барады.
Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурға барады
474
оқылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23-24 мамыр күндері Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Тоқаев сапар аясында Сингапурдың басшылығымен кездесіп, бизнес-форумға қатысады.

«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр», – деп хабарлады Ақорда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.