Астана әкімі Жеңіс Қасымбек төртінші қабаттан құлай жаздаған бес жасар баланы аман алып қалған Ақан Әкімжановпен кездескенін Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.
Астана әкімі 5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 миллион теңге мен планшет сыйлады
Фото: Жеңіс Қасымбектің жеке парақшасынан
2,893
оқылды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек төртінші қабаттан құлай жаздаған бес жасар баланы аман алып қалған Ақан Әкімжановпен кездескенін Instagram-дағы жеке парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін. Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде", – деп жазды әкім.

Қасымбек Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйлап, болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетуге уәде берді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.