Спектакль желісі жетім қыздың қиын тағдыры арқылы өріледі. Науқас әжесімен арадағы диалогқа негізделген қойылым қоғамдағы ащы шындықты бейнелей отырып, терең ой салады. Қазақ тіліндегі спектакльді көруге келген жергілікті көрермен өнерпаздарға зор қошемет көрсетті.
«Спектакль өткен жылы ғана Түркістанда өткен Raiymbek Fest I фестивалінде ең үздік әйел бейнесін Жанардың рөлін сомдаған біздің жас қызымыз алды. Бізде негізі екі-ақ адам басты рөлде ойнайды. Содан кейін екі кісі ғана эпизодқа қатысады, – деді қоюшы режиссер Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлы.