22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы сағат 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон бүгін, 23 мамырда Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді мекені маңында аяқталды.
Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.