Күдікті ұрланған қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Павлодарлық бойжеткен 88 жастағы зейнеткерді тонап кеткен
Фото: tengrinews.kz
830
оқылды

Павлодар қаласының 88 жастағы тұрғыны тонау фактісі бойынша полицияға жүгінді. Зейнеткердің айтуынша, бейтаныс бойжеткен оны тонап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күдікті кешкі уақытта пәтерге кіріп, зейнеткерді әңгімеге тарту арқылы шкафтан әмиянды алып, ішіндегі ақшаны ұрлап кеткен.

– 4 күннен кейін бұл қыз үйге қайта келіп, кіріп, жастықтың астынан, кереуеттің астынан ақша іздей бастаған, бірақ ештеңе таппай,  Panasonic маркалы телефонды токтан суырып алып, пәтерден белгісіз бағытта жүгіріп шығып кеткен. Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырды, – деп хабарлайды Павлодар қаласы ПБ ОПБ бастығы Жандос Орынбаев.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жедел уәкілдер зейнеткерді тонаған ұрлықшыны тапты.

Ол 21 жастағы павлодарлық бойжеткен болып шықты.

Заттай дәлелдеме алынып, күдікті өз қажеттіліктеріне ақшаны жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҚИ-не қамауға алынды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.