Үй жануарларының күлкілі сәттерін бейнелейтін Comedy Pet Photo Awards жүлдесі биыл өзінің жеңімпаздарын атады. Бұл суреттер сізді күлдіреді, таңғалдырады.
Бұл 11 фото сіздің көңіл күйіңізді көтереді
«Ұста мені, досым, құлаймын ғой! Таспаға тісім жабысып қалды!». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Kazutoshi Ono
2,659
оқылды

Aikyn.kz тағы бір фотосуреттер байқауының жеңімпаздарын ұсынады. 2024 жылғы Comedy Pet Photo Awards жүлдесінің финалистері шынымен-ақ күлкілі екен.

«Басым қайда, фотограф? Қайта түсіріңізші». «Бассыз салт атты» деген роман бар, ал мына аттың басы қайда? Бұл қандай романнан? Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: David Kertzman

Үйдегі кішкентай достардың сүйкімді қылықтары – жақсы көңіл күй ғана сыйламайды. Олар өздерінің қожайындарын да, біздерді де ойланта алады. 

Comedy Pet Photography Awards байқауы 2024 жылы ең үздік жұмыстардың тізімін жариялады. Біз осы жұмыстардың ішінен Aikyn.kz оқырмандарына қызықты топтаманы ұсынамыз.

«Мына көзілдірік киген қызыл ерінді сары бикеш қайдан келген?». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Diann C. Johnson

Comedy Wildlife Photography Awards идеясын ұсынған адамдар негізін қалаған байқауда үй жануарларының күлкілі фотосуреттерімен адамдарды күлдіруге болады және олар жануарларды қорғауға арналған қайырымдылық істерді қолдауға шақырады. Адамның адам болып, жануардың жануар болып қалғаны дұрыс қой.

«Мына тышқан қайда кіріп кетті?! Қолыма бір түссе ғой! Күн де ысып кетті...». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Kenichi Morinaga

«Суреттер өздерінің фотографиялық сапасымен қатар комедиялық құндылығы үшін де таңдалды. Енді жеңімпазды таңдау үшін тәжірибелі жануарларды жақсы көретін төрешілер тарапынан қатаң тексеруден өтуде», – деп түсіндіреді байқауды ұйымдастырушылар.

Қазылар алқасының ішінде тележүргізуші, табиғатты қорғаушы және кәсіби фотограф, ветеринар және жануарларды насихаттаушы бар. Енді осы іріктеліп алынған 30 жұмыстың ішінен қазылар жеңімпазды 6 маусымда жариялайды. Ол және 630 АҚШ доллары ақшалай сыйлыққа және Think Tank фотокамераға арналған сөмкеге ие болады.

«Көрші үйдің жертөлесінде тышқандар көп дейді. Барайық, қалай ойлайсың?». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Kenichi Morinaga

Иесіне иті қандай ұқсайды екен, әлде керісінші ме?! Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Julia Illig

«Құтқарыңдар мені, қожайыным табаға салып қуырмақшы!». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Atsuyuki Ohshima

«Сен кіммен ойнағың келеді, ә? Көзіме тура қара! Арыстан болсаң қайтейін?!». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Silvia Jiang 

«Ә-ә-әй, қожайын, дәрігер шақыр! Тісім ауырып тұр, қызуым көтеріліп, жұмыс істей алмаймын!». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Charlotte Kitchen

«Қызықты қара, мына тесіктен бәрін көруге болады екен!». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Yasudu Aburanekomaru

«Сүйіктіме гүл сыйлайын, үйге тездетіп жетейін, 5 күнде солып қалмайтын шығар!». Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Фото comedypetphoto.com сайтынан алынды. Авторы: Jonathan Casey

Міне, биылғы Comedy Pet Photo Awards байқауына келген суреттердің ішінен іріктелген 30 жұмыстың 10-ы осылар. Биылғы шорт-лист керемет, бұл жұмыстар әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Сингапурдан, АҚШ-тан, Канададан және Қытайдан келген. Өздеріңіз байқағандай Жапония мен Ұлыбританияда әрқайсысы ең көп суреттер келген.

Біздің елдің де кәсіби, әуесқой фотосуретшілердің камералары мен смартфондарында қызықты кадрлар болса осы халықаралық байқауға жіберуге шақырамыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.