«Қазгидромет» РМК синоптиктері маусым айындағы құрғақшылық туралы болжамын жариялады.
Маусым айында Қазақстанның төрт облысында құрғақшылық болады – синоптиктер
Фото: flectone.ru
5,103
оқылды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері маусым айындағы құрғақшылық туралы болжамын жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Метеорологтардың болжамынша, 2024 жылдың маусым айында Қазақстанда ылғалдылық негізінен ұзақмерзімді мәндерге жақын болады деп шамаланып отыр.

Атмосфералық құрғақшылық болжанып отырған аймақтар:

– Қостанай облысы, Амангелді және Жангелді аудандары;

– Маңғыстау облысы, Маңғыстау және Қарақиян аудандары;

– Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы;

– Қарағанды облысы, Шет ауданы.

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успен ауданында және Павлодар қаласында маусым айында қалыпты ылғалдылық болжанды. Республиканың қалған бөлігінде осы айда ылғалдылық нормаға жақын болады деп шамаланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.