Өнерпаз бұл туралы 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатта айтты.
"Өнерде дос жоқ". Танымал әнші мұңын шақты
Фото: instagram.com/beibitkorgan
3,277
оқылды

Танымал әнші Бейбіт Қорған өнерде "дос" деген ұғым жоқ екенін жеткізді. Өнерпаз бұл туралы 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатта айтты, – деп хабарлады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бейбіт Қорғанның айтуынша, өнердегі достық қарым-қатынасқа көбіне көреалмаушылық себеп болатынын жеткізді. 

"Менің ойымша, өнерде дос деген жоқ сияқты. Достықты көрсететіндер көп шығар, мүмкін. Менде өнерде дос жоқ, тек әріптестер ғана бар. Бәріміз адам баласымыз, ешкім өнер адамы болып жаралмайды. Адам баласы болып өмірге келгеннен кейін іштарлық пен көреалмаушылық болады. Қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондайлығы болмағандар ғана жақсы биіктікке жетеді деп ойлаймын. Сахнаны қызғанбаймын, өйткені сахна тек менікі емес", – дейді Бейбіт Қорған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.