Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық боксшылардың ойын кестесі белгілі болды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Аталған турнирде Париж Олимпиадасының 51 жолдама иегері (ерлер – 28, әйелдер – 23) анықталады.
Ерлер құрамасы қазірге дейін Олимпиаданың алты жолдамасына ие болған.
Атап айтқанда, олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдер құрамасынан былтыр қазан айында Қытайда өткен Азиадада Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды.
Жарыс 2 маусымға дейін жалғасады.
Қазақстандық боксшылардың ойын кестесі:
Ерлер:
25 мамыр
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Кристиан Питт Лауренте (Филиппин)
Әйелдер:
26 мамыр
50 келі: Назым Қызайбай – Николь Дурикова (Словакия)
27 мамыр
60 келі: Римма Волосенко – Мария Фелиситас Гангльбауэр (Германия);
75 келі: Валентина Хальзова – Каролина Махно (Украина).
28 мамыр
54 келі: Ұлжан Сәрсенбек – Шера Мэй Патрисио (АҚШ)
29 мамыр
66 келі: Наталья Богданова – Кристина Кулухова (Сербия).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.