Оның айтуынша, ақын өлеңдерінде қазақты нашар тұсын көп көрсеткен.
«Қазақты жаман қылып көрсете берген»: психолог Абай Құнанбаевтың өлеңдерін сынға алды
6,966
оқылды

Желіде Құралай ханым лақап атымен танылған коуч, психолог Құралай Ошақбаева қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, ақын өлеңдерінде қазақты нашар тұсын көп көрсеткен. 

"...Қазақ қоғамында сын өте көп. Жақында Зәуре Батаеваның "Абай жұмбағы" деген мақаласын оқыдым. Мақалада Кеңес үкіметінің сұрқия саясаты бар. Кезінде Абай атамыздың қазақты "самобичивание" дейді ғой, қазақтың бір "ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың" деп қазақтың қиын тұстарын, нашар мінезін, мақтаншақтығын, жамандығын әкеліп көрсете берген. Мына 70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ нашар, жалқау, ұйқыбас, мақтаншақ деген секілді. Біз 1-сыныптан "Өнерпаз болмай мақтанба" дегенді жаттап өстік, қазір соған қоғам үйреніп қалған. Ал енді мен 10 жыл бойы Instagram-да мақтанғым келеді. Қазақтарды мақтағым келеді", – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Құралай Ханым (@quralai_hanum)