Димаштың Түркиядағы концертіне 41 елден көрермен келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақтың мақтанышы – Димаш Құдайбергеннің бүгін туған күні. 30 жасқа толған әнші мерейтойын Түркияда тойлап, Стамбұлдағы ең үлкен Бешикташ стадионында концерт қоймақ.
Димаштың айтуынша, бұл кеште ерекше форматтағы әндер шырқалады. Сондай-ақ түркиялық белгілі өнер иелерімен дуэт орындайды.
Қазақстан телеарнасы хабарлағандай, Босфор жағалауындағы стадионға 42 мың көрермен сияды. Димаштың жеке кешін тамашалауға әлемнің 41 елінен жанкүйерлер келген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.