Куәгерлердің айтуынша, ер адам мен әйел көшеде өтіп бара жатқан адамды тоқтатып, одан 50 теңге сұраған.
Қарағандыда әйел 50 теңге үшін оңбай таяқ жеді
Фото: видеодан кадр/еkaraganda.kz
927
оқылды

50 теңге сұрағаны үшін соққыға жығылған қарағандылық әйел ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Еkaraganda.kz-тің жазуынша, оқиға Қарағандының 22-шағынауданында болған. Белгісіз адам ер адам мен әйелді ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мен әйел көшеде өтіп бара жатқан адамды тоқтатып, одан 50 теңге сұраған. Ол бас тартқан, содан кейін әйел қолын сілтеген. Осыдан кейін ер адам әйелге қол жұмсаған. Әйел жол жиегіне құлап, басын соғып, есін жоғалтқан. Ол ес-түссіз жағдайда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды полицейлері бірден кінәлі адамды іздеуге кірісті. Оның табылғаны белгілі болды. Ол 35 жастағы тұрғын болып шықты.

«Полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынының денесіне зақым келтірген 35 жастағы қала тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайы туралы айтты. Ол ауыр халде ауруханаға түскен, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«Жәбірленуші Мақажанов атындағы емхананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ол бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы және бас сүйегінің түбінің сынуы диагнозымен жатқызылды», - дейді дәрігерлер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)