Мәжіліс Спикері Ерлан Қоша­новтың төрағалығымен бюро оты­рысы өтіп, алдағы жалпы отырыс­тың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжілісте көлік-транзит мәселесі қаралады
658
оқылды

Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс Қа­­зақ­­стан мен Қытай Халық Респуб­лика­сының Үкіметтері арасындағы бірқатар келісімді ратификациялайтын болады. 

Халықаралық автомобиль тасымал­дары туралы келісім көлік-транзиттік және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған. 

Ал Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім Транс­каспий халықаралық көлік бағыты бо­йын­ша мультимодальды тасымалдарды да­мытуды көздейді. Бұл Қазақстан мен Қытай аумақтары бойынша жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Транскаспий халықаралық көлік ба­ғытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім екі елдің аумағы бойынша контейнерлік пойыздар үшін экспорттық-импорттық, транзиттік та­сы­малдарды ұлғайту жөніндегі ынты­мақ­тастықты одан әрі дамытуды көздейді. 

Жалпы отырыстың күн тәртібі жоба­сына Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы ха­лық­аралық құрамдастырылған жүк тасымал­дары туралы келісім де бар. Құжат түркі мемлекеттері арасында теміржол, су және автокөлік арқылы жүк тасымалдау кө­лемін арттыруға жол ашады. 

Сонымен қатар депутаттар Дүние­жү­зілік сауда ұйымын құру туралы Мар­­­ракеш келісіміне (Балық аулау суб­­­си­диялары жөніндегі келісім) өз­ге­ріс­тер енгізу туралы хаттаманы ра­ти­фикациялау туралы заң жобасын талқы­лайды. Оның мақсаты – дүниежүзілік мұ­хит­қа шығатын теңіздердің балық ре­сурс­тарын заңсыз, хабарланбайтын және реттелмейтін кәсіптік аулауға ықпал ететін субсидияларды шектеу жолымен сақтауды қамтамасыз ету.

Депутаттар екінші оқылымда мемле­кеттік статистика және деректерді бас­қару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды. 

Сондай-ақ Мәжіліс комитеті «Мем­ле­кеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепіл­дік­терін өзара тану туралы келісімді рати­фика­циялау туралы» заң жобасын жұмысқа алатын болады.