Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының «Тірегіміз – Тәуелсіздік, байлығымыз – бір­лік, мақ­сатымыз – өр­леу» атты V­ сессиясы өтті.
Шымкентте Ассамблеяның V сессиясы өтті
540
оқылды

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Пр­езиденті­ Әкім­шілігі ҚХА Хатшылығының мең­герушісі Марат Әзілханов, қала әкімі Ға­бит Сыздықбеков, қалалық ҚХА мүше­лері, мәслихат де­путаттары, зиялы қау­ым өкіл­­дері қатысты.

Тәуелсіздік жылдары еліміз­дегі сан алу­ан этнос өкілдері бір шаңы­рақ астына топтасып, ырысты ын­ты­­­­мақ жолын таңдады. Азамат­тар­дың ұлтына, тіліне, түріне қарап бөлінуіне жол берілмей, жүйе­лі жүр­­гізілген мемлекеттік саясаттың ар­қасында қоғамдық келісім елі­міздің бас­ты тұғырына айналды. Қала әкімі өз сөзінде қоғамда тұрақ­ты­лық пен этносаралық тату­лық­ты сақ­тау­дағы мемлекеттік сая­­саттың басым ба­­ғыт­тарына тоқ­талды. 

«Қалалық Ассамблея алдында сан қыр­лы міндеттер тұр. Ол қоғам­дағы этно­саралық татулықты, өзара сый­ластық пен түсі­­ніс­тікті қалып­тас­тыру, ұлтына, дініне қа­рай ерекшеленуге, оқшаулануға жол бер­меу, игі іс­терге атсалысу және тағы бас­­қа міндеттерді атқарып келеді. Жас­ы­ра­­тыны жоқ, қоғамда Ассамблеяға қа­ты­­сты түрлі пікір де айтылып жүр. Бар­шаңызға белгілі, Қазақстан халқы Ассамб­леясы – ел бірлігін нығайтуға қызмет ететін бірегей инс­титут ретінде елімізде өмір сүріп жатқан барша этносты бір арна­ға ұйыстырып отыр. Ассамблея жүр­гізіп отыр­ған мемлекеттік этно­сая­саттың нә­ти­жесінде қоғамда тұр­ақтылық пен этно­саралық татулық берік ор­ны­ққан», –­ деді қала әкімі. 

Шымкенттіктер тасқын судан зардап шеккен өңірлерге қол ұшын созуда да белсенділік танытты. Игі іске Ассамблея бел­­сенділері де үлес қосты. 

Сессияның күн тәртібі бойынша бірнеше азамат жарыссөзге шықты, сондай-ақ бірқатар белсенді мүшесі Қазақстан халқы Ас­­самблея­сының наградаларымен марапатталды.

Бүгінде қалада 17 этномәдени бірлестік пен ҚХА жанындағы 7 құры­­лым жұмыс істейді. Жалпы­ұлттық бірлік саласындағы мемлекет­тік саясат аясында жұмыс істейтін бел­сенділердің әлеуеті қоғамдық кел­ісім­ді сақтау, қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жоба­ларға жұмылдырылған.

Н.НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы