Әнші жас қыздарға отбасылы ер адамдармен сөйлеспеуге кеңес берді.
«Ажырасқандарыңа өкінбеңдер»: әнші Балжан Бидаш қыз-келіншектерге кеңес берді
Фото: instagram.com/bidash_official
3,783
оқылды

Әнші Балжан Бидаш “Мамский әңгіме” бағдарламасында отбасы туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.   

Әнші жас қыздарға отбасылы ер адамдармен сөйлеспеуге кеңес берді. 

“Біз, қыздар, қанша жерден “ажырасқан жігітпен жүрмеймін, тұрмысқа шықпаймын” дегенімізбен, ғашық болып қалған кезде өз сөзіңе қарсы шығасың. Себебі болашақта не боларын білмейсің. Ең бастысы әйелі бар адамдармен сөйлеспеңдер, жақындамаңдар. Отбасын құртпаған дұрыс. Ал егер ажырасқан, балалары болса, махаббат көрсетер, көре жатарсыз”, – дейді әнші. 

Балжан Бидаш қазір жұмыс басты орында екенін айтады.

“Қазір жеке өмірді шетке ысырып, карьерамен жүрмін. Тұрмыста болғаныма еш өкініш жоқ. Өзімді де, басқаны да кінәламаймын. Жалпы қыздарға айтарым, ажырасқандарыңа өкінбеңдер. Ол – сіздерге өмірдің берген бір тәжірибесі. Сол арқылы әрі қарай өмірлеріңізді жақсартуларыңыз мүмкін. Тағы да айтарым, асықпаңыздар”, – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.