"Азаматтарға арналған үкімет" 25 мамырда шетелдік азаматтарға арналған кейбір көші-қон қызметтері қолжетімсіз болатынын мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.
Мысалы, шетелдіктер бұл күні ЖСН мен жұмысқа рұқсат ала алмайды. Себебі бұл күні жоспарлы техникалық жұмыстар өтеді.
Сондай-ақ уақытша келген азаматтар:
- еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру қызметтерін ала алмайды.
Қызмет көрсету дүйсенбі, 27 мамырда қайта басталады.