Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның қылмысты ес-түссіз күйде жасағаны анықталды.
Шымкентте өз ұлын өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
1,725
оқылды

Сот құқық бұзушыны психиатриялық диспансерге мәжбүрлеп емдеуге жіберді,  –  деп жазады Aikyn.kz.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға "Нұрсәт" шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Пәтерде әке мен бала арасында жанжал шыққан. Жанжал пышақтасумен аяқталып, сотталушы 28 жастағы ұлына бірнеше рет пышақ сұғып, кейін тамағын кесіп тастаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. 

Тергеу барысында ер адамның есі дұрыс емес екені белгілі болды. Прокурор айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

"Соттың қорытындысы куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және сот сараптамасының қорытындыларымен расталады. Прокурор А.Шаймурзаевты “тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасағаны үшін” қылмыстық жауапкершіліктен босатуды және оған емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың пікірімен келісті", – делінген сот хабарламасында.