Жол апаты қаладағы Бажов көшесінде болған.
Өскеменде көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды
954
оқылды

Өскеменде көлік ағашқа соғылып, салдарынан бір адам көз жұмды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Astanatv.kz арнасының жазуынша, Subaru маркалы автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.