Оқиға Орал қаласында болған.
Ұлттық тестілеу орталығының базасына заңсыз кірген екі азамат сотталды
4,045
оқылды

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді,  – деп жазады Aikyn.kz.

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 2021-2022 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына тыйым салынған тәсілмен қол жеткізген.

Сәуір айында Орал қаласы соты Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптары бойынша екі азаматтың әрқайсысының 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім шығаруға ҰҚК процессуалдық материалдары негіз болды.

Үкім заңды күшіне енді.