Ақтөбе қалалық Полиция басқармасына екі әйел алаяқтық туралы арызданған.
Кепілсіз 5 миллион алып беремін: Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасаған
1,514
оқылды

34 жастағы ақтөбелік әйел перзентханада жанында жатқан әйелдерді алдаған,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған кезде онда босанған әйелдердің бірі 5 млн теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған. Қызметі үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картасына аударған. Алайда уәде етілген несиені де, өз ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды",  делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.