Оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Көкшетауда үйде қамалып қалған 4 жасар бала құтқарылды
Фото: Видеодан кадр/ТЖМ
1,298
оқылды

Көкшетау қаласында ТЖМ қызметкерлері 4 жасар баланы құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала пәтерде жабылып қалды.  

«Құтқарушылар балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен пәтерге кіріп, есікті аша алды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен берілді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес»,  делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.