Әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-нан алған ең қымбат сыйлық туралы айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"2022 жылдың соңында Меккеге барған еді. Әлі кездесіп жүрген кезіміз. Сол жерден маған кілт әкеп сыйлады. Кілтте "Инни ухыббу-кя фи-Лляхи" деген жазу болды. Мағынасы – мен сені Аллах разылығы үшін жақсы көремін. Сол кілт жаныма жақын. Содан соң әрқашан бір-бірімізге "Инни ухыббу-кя фи-Лляхи" деп сезімімізді білдіреміз", - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.