ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
Қостанайда үш жасар бала үйдің екінші қабатынан құлап кетті
Фото: pexels.com
873
оқылды

Қостанай қаласында үш жасар бала үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қостанай қаласында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Оқиға бүгін түстен кейін жеке үйдің аумағында болды. Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылды. ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

"Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз", - деп ескертті ведомстводан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.